Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде кадрларды ауыстырды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының шешімдерімен: Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі, Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген Тұңғыш Президент баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен, Андрей Калинин Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз