Техастағы атыс: Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын, – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болды. Оқ жаудырған 18 жастағы жергілікті тұрғын. Ол оқиға орнына келген тәртіп сақшыларымен атыс кезінде қайтыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, 19 бала мен екі ересек адам қайтыс болды.