Қостанайдағы дәмханада жасырын жұмыс істеген казино анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, аумақтық департаменттің қызметкерлері Қостанайдағы дәмханалардың бірінде жасырын покер клубының қызметін әшкерелеген.

Заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде заттай айғақтар, атап айтқанда «Покер» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша табылып, сот үкімі негізінде жойылды.

Покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары қылмыстық кодекстің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.