Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жегін ресми түрде жариялады

Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды.

Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше, — деп жазды Головкин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан — 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңген болатын.