Елімізде жеңілдетілген автонесие бойынша 34 адам көлік алды

Бұл бағдарламаның негізгі операторы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры». Бұған дейін оператор Қазақстан даму банкі болған еді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында револьверлік тетік арқылы 100 миллиард теңге бөлінді. Егер азаматтарымыз бірінші кезекте сатылымға шығарылған автомобильді алып үлгермесе, онда олар жеке тұлғалардан қаражат түскеннен кейін қайтадан бірден жүгіне алады. 2-3 ай өткен соң жеңілдікпен автонесие алуға мүмкіндік болады, — деді Жанар Ибрашева орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында 10 мыңнан астам азамат көлік алады. Қазіргі уақытта өтінімді «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк», «Халық банк» арқылы беруге болады. Бүгіннен бастап бұл тізімге «Forte Bank» қосылады.

Бағдарлама басталғаннан сәттен бері 14 507 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 834 жеке тұлғаға 35,7 миллиард теңге мақұлданды. 34 көлік сатып алынды: Нұр-Сұлтан – 11, Алматы – 4, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Шымкент – 6 автомобиль, — деді Жанар Ибрашева.