Алматы метросына сейсмикалық станциялар орнатылды

Инженерлік-сейсмометрикалық қызмет станцияларын орнатуға «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ғылыми-техникалық тұрғыдан көмек көрсеткен.

Алматы метрополитенінің «Бауыржан Момышұлы» және «Сарыарқа» жаңа станцияларында тоғыз арналы цифрлы аспапты-өлшеу жүйелері орнатылды. Аталған құрылғылар швейцариялық GeoSIG фирмасының өнімі. Бұл – Алматының метро жүйесінде орнатылған алғашқы сейсмикалық станция. Аталған құрылғылар жер сілкінісін алдын-ала болжауға мүмкіндік беріп, зілзала кезіндегі кинематикалық параметрлердің аспаптық жазбаларын алуға септігін тигізбек. Құрылғыдан алынған ақпарат сейсмикалық әсердің нақты қуаты мен ерекшеліктерін ескеруге және метрополитеннің жаңа станцияларын жобалауға ықпал етеді, — делінген хабарламада.

метро
Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылғылар күту режимінде жұмыс істейді. Оның іске қосу шегі – 0.05g. Аспапта іске қосу шегінің болуы – метрополитендегі пойыздар қозғалысының динамикалық әсерімен байланысты.