Алматыда маусым айында жаңа екі метро бекеті іске қосылады

Маусым айында жаңа екі метроны іске қосамыз. Олар «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында аталған екі метро станциясы техникалық тексеруден өткен болатын.