Қостанай тұрғындары өртеніп жатқан көліктен ер адамды алып шықты

Түнгі сағат екі шамасында тұрғындар жарылыс дауысын естіген, содан кейін тұрақта тұрған көліктердің бірі түтіндей бастағынын көреді. Өртеніп жатқан көліктің ішінде ер адам болған.

Видеодан екі адамның көлік есігін ашып, ішінен ер адамды алып шығып жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар құтқару операциясына полиция қызметкерлері де қатысқан.

Өрт тұрақта тұрған өзге көліктерге де тарала бастады. Куәгерлердің айтуынша, үш көлік өртенді. Оның біреуінің тек қаңқасы қалған.

Қостанай қалалық полиция департаменті оқиға туралы хабарлама 18-нен 19 мамырға қараған түні түнгі сағат 02.20-да түскенін айтты.

Полиция қызметкерлері өрттің өзге көліктерге таралмауының алдын алуға күш салды.