«Алтын белгі» иегері ҰБТ-дан төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады

Биыл «Алтын белгі» иегерлерінің тестілеу нәтижесіне талдау жасаймыз. Мұны ұлттық тестілеу орталығы жасауы керек. Мысалы, оқушы «Алтын белгіні» алып, шекті балл жинамаса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз, — деді Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиынында.

Министр білім басқармалары мен бөлімдерінің осы мәселені назар аударуын ескертті.

Ертең естімедік, білмедік деген мәселе болмасын. Мектептің басшылығы осы мәселе бойынша тікелей жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шығаруға дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар, — деді ведомство басшысы.

Асхат Аймағамбетов «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға тиісті жағдай жасалуы керек екенін айтты.