Синоптиктердің мәліметінше, 14 -15 мамыр күндері қалада тәулік бойы қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайды және 15 мамырда бұршақ болады.
Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз. Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз, — деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салайық, 11 мамыр күні Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды.