Бұл туралы әмірліктің президент істері жөніндегі министрлік хабарлады.
Президент істері жөніндегі министрлік Біріккен Араб Әмірліктері халқына, араб және ислам ұлтына және барша әлемге шейх Халифа бен Заид әль Нахайян қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Ол әмірліктерді құрушы Зейд Аль Нахайянның үлкен ұлы болатын.