БАӘ елшісі Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары талқыланды. Маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дәстүрлі түрде одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

Біріккен араб әмірліктерінің елшісі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдіріп, өз елінің екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.