Құрманғазы консерваториясының оркестрі тұңғыш концертін Талдықорғанда қойды

ҚР мәдениет саласының үздігі Бейбіт Мұсаев, республикалық конкурстардың лауреаттары Әсен Смағұл, Бексұлтан Барақбай, Гүлфайруз  Жайлауқызы өнер көрсетті.

Концерт соңында композитор, дирижер, Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Әли Алпысбаев Құрманғазы консерваториясы оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижеры Нұркен Әшіровті «Мұқан Төлебаев» медалімен марапаттап, көңілді кеш сыйлаған үшін оркестр ұжымына алғысын айтты.

Фольклор-этнографиялық оркестр 2022 жылғы ақпанда консерватория ректоры Арман Жүдебаевтың бастамасымен оқу орны студенттерінен құрылған. Оркестр аз уақыттың ішінде бағдарлама жазып, жеке концерттерін жоғары деңгейде өткізді.

Оркестрдің басты бағыты — Халық музыкасы факультетіндегі жеке мамандық ретінде оқытылып жатқан саз сырнай, жетіген сияқты ұрмалы аспаптарға арнап жазылған шығармаларды насихаттау. Бұл жұмыс күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеуші Нұркен Әшіровке жүктелген.

Аяжан Бауыржанқызы