Министрліктердің бюджет қаражатын игере алмау себептері айтылды

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұкімет отырысында айтты.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 5,6 триллион теңге жұмсалды, — деді қаржы министрі.

Сонымен бірге, атқарылмай қалған 31 миллиард теңгенің 8 миллиард теңгесі үнемделген, ал 23 миллиард теңгесі игерілмей қалған.

Әсіресе қаржы, мәдениет және спорт, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінде игерілмеу көп байқалады. Оның негізгі себептері: шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілмеуі, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Жергілікті бюджет шығыстары 2,7 триллион теңгені құраған және 42 миллиард теңге игерілмей қалған.