Президент Қазақстанның Египеттегі елшісіне сөгіс жариялады

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram-каналы хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылғы қыркүйекте Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Египеттегі елшісі болып тағайындалды.