Қасым-Жомарт Тоқаев Египет пен Катарға елші тағайындады

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

тағайындаулар

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтер Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды