Тоқаев Конституцияның жаңарған нұсқасында президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделгенін айтты.
Президенттің жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады.
Сонымен бірге құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады, — деді Тоқаев.