Жұмыс тобы негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірледі. Оны мұқият зерделеп, конституциялық кеңеске жолдадық. Бұл орган өз қорытындысын ұсынды. Құжат жобасы Ата заң нормаларына сай келеді. Біз конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам бастық. Енді негізгі заңды өзгертуіміз керек. Шын мәнінде, мұның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар, — деді ол видеоүндеуде.
Тоқаев Ата заң баптарының үштен бірі өзгеретінін айтты. Конституция мүлде жаңа сипатқа ие болады.
Сол себепті республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс, — деді Тоқаев.
Айта кетейік, Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
