Тоқаев 5 маусымда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды

27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл — заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойдым, — деді Тоқаев.