Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Алтын иегері — 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен дзюдошы Еркебұлан Қанафин.
Моңғолия мен Франциядан келген қарсыластарын жеңген Еркебұлан Қанафин финалда оңтүстік кореялық спортшыдан басым түсті.
Айта кетейік, есту қабілеті нашар спортшылар бақ сынайтын 24-ші сурдлимпиада ойындары өткен жылы өтуі тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 2022 жылға ауыстырылды. Сурдлимпиада 1-15 мамыр аралығында өтеді.
Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3 500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды.