Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Атырау әлемдік олимпиадада жеңіспен оралған парадзюдошыларды зор құрметпен күтіп алды

Токиода өтіп жатқан дүниежүзілік олимпиадада жоғары деңгейден көрініп, ел қоржынына медальдар салған саңлақтар Атырауға келді.

Делегация құрамында Токио қаласында өтіп жатқан Параолимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Ануар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина бар.

Атырау әлемдік олимпиадада жеңіспен оралған парадзюдошыларды зор құрметпен күтіп алды

Қазақстанның көк Туын Жапония аспанында көкке өрлеткен сайыпқырандардың олимпиада тарихында бірегей жетістікке жеткенін атап өткеніміз жөн.

Мәселен, Зарина Байбатина парадзюдадан әйелдер арасында Қазақстан қоржынына тұңғыш рет күміс медаль салған спортшы.

Атырау әлемдік олимпиадада жеңіспен оралған парадзюдошыларды зор құрметпен күтіп алды

Атап өту керек, әлемдік паралимпиада аяқталған соң, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов барлық қатысушыларды арнайы қабылдайды.

Олимпиадалық құрамға арнайы сыйлықтар табысталады деп күтілуде.

Мақалаға реакция