Басты бетҚоғамҚапшағай атауы...

Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болды

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген жарлықта.

Еске салайық, 2022 жылғы 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қапшағайға Қонаев атауын беруді ұсынса, қолдайтынын айтты.

Біз ұлан-ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы, Қапшағай халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын, — деді президент сол кезде.