Тоқаев Қапшағайға Қонаевтың есімін беруді қолдайтынын айтты

Біз ұлан-ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы, Қапшағай халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын, — деді президент.

Қапшағай — Алматыдан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай 1970 жылдары құрылған.