1 мамырда Алматыда әл-Фараби даңғылы жабылады

Қатысушылар әл-Фараби даңғылымен ҚР тұңғыш президенті саябағына қарай 8 шақырым жол жүреді.

Салтанатты ашылудан кейін іс-шара «Нұрлы-Тау» БО көлік тұрағында басталады. Іс-шараға 1 500-ден астам әуесқой спортшылар қатысады деп күтіледі.

Велошеруге қатысушылардың жиыны сағат 7.30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының аумағында өтеді, сағат 8.00-де тіркеу және бастапқы нөмірлерді алу жоспарланған. Сағат 9.00-де веложарыс басталады.

әл-Фараби даңғылы бойында 1 мамыр күні сағат 7.00-ден 11.30-ға дейін көлік қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

1 мамыр