Ресей рублінің бағамы Мәскеу қор биржасында 1 АҚШ доллары үшін 76 рубль болды. Ал еуро 84 рубльді құрады. Екі валюта да 2014 жылдың желтоқсан айынан бері жаңа көрсеткішке жетті.
Теңге мен рубль бағамы мұнай бағасының және Қытай нарығының құлдырауына байланысты төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайы дүйсенбі күні бір барреліне 33 долларға түсті. Өткен аптада мұнай бағасы 10 пайызға төмен түскен.