Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Antares Limited қаржылық пирамидасын анықтады. Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салса инвестицияның 0,5-2% күнделікті өсіп отыратынын айтып уәде берген, — делінген хабарламада.

Бүгінде сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға, қаржы пирамидасына шақыратын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды. Қаржы пирамидаларының басты мақсаты өз капиталын тез көбейтуді ұсынып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды.