Қазақстан қант өндірісін жеті есеге арттырады

Қанттың жылдық тұтынуы шамамен – 532 мың тонна. Оның 7% отандық шикізаттан келеді. Мұндай көрсеткішке ұсақ өндіріс, суаратын су тапшылығы, қант қызылшасын өсірудегі қол еңбегі және қант зауыттарының тозуы себеп,- деді Ербол Қарашүкеев.

Оның айтуынша, су мәселесін шешу, егіс алқаптарын кеңейту, техникалық жабдықтау, сонымен бірге қант зауытын салу жобаларын іске қосу арқасында жалпы өнім 332 мың тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін өседі деп жоспарланып отыр.

Қант өндірісі 7 есеге – 254 мың тоннаға дейін артады. Сонымен қатар импорт 32% азаяды деп күтіп отырмыз. Бұл ішкі нарықты өзімізде өндірілген қантпен қамтамасыз етуді 7-ден 43% дейін арттырады,- деді министр.