Басты бетЖаңалықтарСерік Күдебаев...

Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті

Бұл 18 сәуірде болған. Бұйрыққа сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қол қойған. Қүдебаев жұмыстан босату туралы өтінішті өз еркімен жазған.

Бас прокуратурада Серік Күдебаевтың жұмыстан босатылуы қаңтар оқиғаларымен байланысты деп мәлімдеді. 11 сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаментінің, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының полиция департаментінің, сонымен бірге Алматы әуежайының басшылары күдікті деп танылғаны белгілі болды. Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде олар мемлекеттік органдар ғимаратынан кетіп, қызметкерлерді сол жерде қалдырды.

Күдебаев Алматы облысының полиция департаментін қаңтар оқиғасы кезінде басқарды.  Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін оның орнына Арыстанғани Заппаров келді.

Серік Күдебаев 2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы полиция департаментін басқарды.