Мамырда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

Статистикалық болжамға сәйкес, мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады.

Мына өңірлерде орташа құрғақшылық болжанды:

  • Ақтөбе облысы: Әйтеке би және Хромтау аудандарында;
  • Қостанай облысы: Жангелді ауданында;
  • Қызылорда облысы: Қазалы ауданында;
  • Маңғыстау облысы: Маңғыстау ауданында.

Орташа ылғалды жағдайлар негізінен, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сонымен қатар Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде болады, — делінген хабарламада.