Театрлар мен музейлер белгілі күндері тегін болуы мүмкін

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, әр айда бір мәрте музейлер, жылына төрт рет театрлар xалық үшін тегін болады.

«Халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігінің тәжірибесін енгізу. Әр айдың үшінші жексенбісінде музейлерге және жылына төрт рет театрларға, олар: дүниежүзілік Театр күні, 27 наурызда, Балаларды қорғау күні, Тәуелсіздік күнінде тегін баруды қамтамасыз ету ұсынылады», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министрдің ұсынысы бойынша, мектеп демалыстары шеңберінде оқушылар үшін театрлар мен музейлерге тегін баруы мүмкін. Жыл соңына дейін дейін аталған мәдениет нысандарына бару көрсеткіші 45 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

ДереккөзInform.kz