Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Бұған дейін қаладағы Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Полиция ақпараттың расталмағанын, жарылғыш зат табылмағанын мәлімдеді. Қазір ойын-сауық орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Содан кейін қаланың шұғыл қызмет күші Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны тексеруге жұмылдырылды.