Басты бетҚоғамМемлекеттік қызметкерлер...

Мемлекеттік қызметкерлер казино өкілінен 1 мың доллар пара алған

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-каналы хабарлады.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары («үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереледі, — делінген хабарламада.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1 мың АҚШ доллары сомасында «қамқорлық үшін» пара алды.

Тергеу жалғасып жатыр. Агенттік басқа мәліметтер жария етілмейтінін хабарлады.