Тимур Тәшімбаев бас прокурордың бірінші орынбасары болды

Президент Тоқаевтың бұл туралы өкімі Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Тимур Тәшімбаев 1965 жылы Алматыда туған. 1989 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Ол бұған дейін Алматының Бостандық, Түрксіб аудандарының прокуроры, Астана прокурорының орынбасары, Алматы облысының прокуроры, ҚР прокуратурасы департаментінің прокуроры болып жұмыс істеген.

2020 жылғы ақпаннан қазірге дейін қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарған.