Агенттік төрағасының 2022 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығымен:
- Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) превенция қызметінің басшысы Мұрат Жамбылұлы Ахметов
- Агенттіктің Нұр-Сұлтан бойынша департаментінің басшысы Мұрат Секешұлы Қарымсақов
- Агенттіктің Алматы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханұлы Оразхан
- Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев
- Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Досанов Ерлан Азаматұлы
- Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Владимирович Шакенов
- Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев
- Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.
Сонымен қатар агенттіктің өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып Урумханов Мұрат Жәлелұлы тағайындалды.