7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ақмола облысының кей жерлерінде қар борап, тұман түседі желдің күші секундына15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында түнде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл аумағында желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының жекелеген аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде жел күшейіп, жылдамдығы 18 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында бұрқасын болып, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

 

ДереккөзBaq.kz