Полиция: Семейде белгісіз біреу пойыз жолаушысын зорламақ болған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова айтты.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша тіркелді.

Бұл бап кінәліні бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Бұл іске қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, — делінген көліктегі полицияның хабарламасында.