Қаңтар оқиғасы: 377 күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтады

Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1 090 қылмыстық іс бар. Қазіргі уақытта 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды. Бұл – алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар, — деді Санжар Әділов.

Сонымен қатар ол 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, сотқа берілгенін атап өтті.

Олардың көбі ұрлық жасағандар – 196 адам. Қарудың заңсыз айналымына күдіктілер – 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасағандар –үшеу, — деді ішкі істер министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ел соттары 168 адамды соттаған.

Олардың ішінде 147 адам жасаған ісіне толықтай өкіну және келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша қабылданған шараларды ескере отырып, адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, көпшілігі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталды, — деді Санжар Әділов.