Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматы әуежайында жалаңаш жүрген ер адам ұсталды

Фото: 2gis.kz

Әлеуметтік желіде жалаңаш ер адамның темір қоршаудан асып түскен видеосы тарап жатыр.

Тексеру кезінде бұл ер адамның 6 сәуір күні сағат 00:10-да тыр жалаңаш шешініп, Алматы әуежайының ұшып келу терминалының қоршауына өрмелеп шығып, ұшып-қону жолағына қарай жүгіргені белгілі болды. Оны сол жерде авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады,- делінген хабарламада.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қамауға алу кезінде ер адам дөрекілік танытқан.

Алматы әуежайында жалаңаш жүрген ер адам ұсталды
Видео скрині

Оған қатысты бірден үш бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»), 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») және 564-бабы («Әуежайлардың, аэродромдардың аумағында тиісті рұқсатсыз жүру»),- делінген хабарламада.

Әкімшілік материалдар сотқа жолданды.