БҰҰ: Украинада 1,4 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы хабарлады.

2022 жылдың 24 ақпаны сағат 4:00-ден бастап 2022 жылдың 2 сәуірі түн ортасына дейін (жергілікті уақыт) Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы елде 1 417 бейбіт тұрғынның қаза болғанын және 2 038 адам жарақат алғанын тіркеді, – делінген мәлімдемеде.

Қаза болғандардың арасында – 201 әйел, 22 қыз және 40 ұл бала, сонымен бірге жынысын анықтау мүмкін болмаған 59 бала бар екені аталып өтті.