БҚО-да су тасқыны: зардап шеккендерге көмек көрсететін волонтерлік штаб құрылды

БҚО ішкі саясат басқармасы мәліметінше, штабты облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров басқарады.

Штаб Ғ.Қараш көшесі, 16 үй мекен-жайындағы облыстық теннис орталығында орналасқан.

Қазіргі таңда Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарынының әрқайсысында 30 адамнан құралған волонтерлік топтар қызмет атқарды. Олар зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына жәрдем беріп жатыр. Сонымен қатар Оралда 100-ден астам волонтер көмек көрсетуге дайын. Волонтерлік штаб облыс тұрғындарынан киім-кешек, тез бұзылмайтын тағамдар, дәрілік және жеке гигиеналық заттар және басқа да алғашқы керек заттарды қабылдауды жалғастырып жатыр. Жеткілікті деңгейде жиналған соң аталған аймақтарға жөнелтіледі. Қосымша сұрақтар бойынша штаб жетекшісі Әділгерей Зұлхаровқа, 8-708-704-77-78 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады,- деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысында 100-ге жуық тұрғын үйді су басты.