Тәліптер Ауғанстан аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) елдің барлық аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды. Мұндай өкімді қозғалыстың жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада шығарды.

Тәліптер көшбасшысының бұйрығында бұдан былай барлық ауғандыққа көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғаны туралы хабарланғаны айтылған.

«Талибанның» жоғарғы басшысының бұйрығын бұзғандарды шариғат заңдары бойынша соттайды, ал табылған көкнәр алқабы дереу жойылады.

Сонымен қатар, Ахундзаданың бұйрығы бойынша «есірткінің барлық түрлерін, сонымен қатар құрамында есірткі заттары бар таблеткалар мен алкогольді пайдалануға, тасымалдауға, сатуға, экспорттауға және импорттауға да» тыйым салынады.