Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 07.22-де жедел басқару орталығына Қабанбай батыр даңғылындағы көпірде ер адамның тосқауылға мініп алғаны туралы хабар түсті. Сол жерге барған полицейлер қоршаудың үстінде отырған жігітті көріп, оны әңгімеге тартқан. Бірақ ер адам тәртіп сақшыларын жақындатпай тосқауылдың арғы жағына өтіп кеткен.
Полиция аға лейтенанты Қайрат Құснеденов жағдайды өз қолына алды. Ол ер адамға жақындап барып, киімінен ұстап қалды. Осыдан кейін басқа полицейлер де көмекке келді.
Ол жылап, ешкімді жақындатпады. Ал оны ұстап қалғанымызда жұлқынып, шығып кетпекші болды. Бірақ біз оны шығарып алдық, — дейді Қайрат Құснеденов.
29 жастағы ер адам Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.