Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары — жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.