«Қазақ аруы» байқауына кастинг қашан өтеді?

«Астана! Ертең кастинг! Жалпыға бірдей талаптар: қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, бой 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен, 16-22 жас аралығы. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен «Қазақ аруының» алтын тәжі сізді күтуде!», — деп хабарлады кеше «Кешью» тобының әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.

Кастинг 6 ақпан сағат 12:00-18:00-де, Астана қаласы, Абай көшесі, 47 мекенжайында өтеді.

Айта кетейік, республикалық деңгейде өтетін «Қазақ аруы-2016» атағын Әлмира Ахатова жеңіп алды. Сондай-ақ бұған дейін Баян Есентаева «Қазақ аруы» жобасы туралы сериал түсіретіндігі жайлы хабарлаған еді.

ДереккөзBaq.kz