Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының екі сессиясын шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Ассамблея
Фото: Assembly.kz

Президент Қазақстан халқы ассамблеясының отызыншы сессиясын 28 сәуірге шақырды.

Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын  Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтанда  шақырылсын. Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, — делінген Ақорданың сайтындағы құжатта.

Мемлекет басшысы отыз бірінші сессиясын 29 сәуірде өткізу туралы құжатқа қол қойды.

Қазақстан халқы ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтанда «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын. Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, — делінген құжатта.