iPhone Қазақстаннан түсетін қоңырауларды көрсететін болды

Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік — енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді, — деп жазды Бағдат Мусин.

Ведомство басшысының мәліметінше, бұл проблема iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдарда шешілген.