Бұл туралы украин делегацияның мүшесі, Украина жоғарғы радасындағы «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты.
Оның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.
Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық, — деп жазды Давид Арахамия Facebook-парақшасында.
Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 28-30 наурызда өтетінін растады.