Медиаменеджер Батыр Қазыбаев өмірден өтті

Қаралы хабарды Tengrinews.kz жеткізді. Батыр Қазыбаев — белгілі қазақстандық журналист әрі жазушы, көп жыл бойы облыстық және республикалық газеттердің редакцияларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, Қазақстан компартиясы ОК хатшысы болған Кәкімжан Қазыбаевтың ұлы.

Батыр Қазыбаев 10 жылдан астам уақыт құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары кіретін медиахолдингті, Жұлдыз FM радиостанциясы, Ретро FM Қазақстан, СТВ телеарнасын басқарды, «Жетінші арнаның» негізін қалады.

Baribar.kz редакциясы Батыр Қазыбаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.