Банкнот фабрикасының бас директоры Батырбек Әлжанов қайтыс болды

«Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» РМК бас директоры Батырбек Асылбекұлы Әлжановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Қазақстан ұлттық банкінің ұжымы қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Батырбек Асылбекұлы ақылы мен парасаты, қарапайымдылығы мен жауапкершілігі, басшылық ете білетін қарым-қабылеті үйлесім тапқан асқан еңбекқор, жігерлі жан еді. Ол 30 жыл бойы ұлттық банк жүйесінде жұмыс істеп, өзін шебер ұйымдастырушы әрі өз принципіне адал басшы ретінде көрсете білді, сол қасиетімен де сенім үдесінен шығып, әріптестер арасында құрметке ие болды. Ағайын-туысы мен жақын бауырларына, достарына сабыр тілейміз, — делінген хабарламада.