Бүгін Қостанай мәслихаты депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен Марат Жүндібаев Қостанай әкімі болып тағайындалды,- делінген хабарламада.
Марат Жүндібаев – Қостанай ауданы Новоселовка ауылында туылды.
20 жылдан бері Қостанай облысы жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтер атқарған, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болған. Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған.
ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен Қайрат Жұмашұлы Ахметов өз еркімен қызметінен босатылды.
Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған қызметі үшін алғыс айтты.